Қазақстан 2028 жылға қарай энергетика саласында қалданылатын құрал-жабдықтардың жалпы қосылған құнын 4,5 есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың депутаттар сауалына берген жауабында жазылған.
Қазіргі кезде бұл саладағы өндіріс көлемі 21 млрд теңгені құрайды.
«Өнеркәсіпті одан әрі дамыту мақсатында үкімет Қазақстан машина жасаушылар одағы, салалық бірлестіктер және кәсіпорындармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі. Құжатта энергетикалық саланы қоса алғанда, салалық мәселелердің кең ауқымын шешуге бағытталған шаралар қамтылған. Жоспардың басты мақсаты – саладағы жалпы қосылған құнды 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,5 есе арттыру...