Ресейлік шоумен Максим Галкинге Алматы мен Астана қалаларында концерт өткізуге рұқсат берілді. Бұл туралы Eurostar entertainment халықаралық концерттік агенттігінің басшысы Алексей Пучков мәлімдеді.
«Достар, сіздерді жақсы жаңалықпен қуантқым келеді! Максим Галкиннің Қазақстандағы концерті өтетін болды!» деп жазды Пучков өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Артистің концерті Астанада 8 қазанда QAZAQSTAN орталық концерт залында, Алматыда 9 қазан күні Республика сарайында өтеді.
Осыған дейін Галкин өзінің Instagram парақшасында Қазақстан билігінің елде концерт өткізуге рұқсат бермей жатқанын хабарлады.
«Бір қызығы, Қазақстанда концерт өткізуге қатысты қиындықтар бар. Оның ішінде мемлекеттік деңгейде Астана мен Алматыда мен...