ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңесте түрлі өнеркәсіп салаларын нығайту, тұрғын үй, медициналық мекемелер, автожолдар салу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, жылу, газ, электр жүйелерін жаңғырту, сумен қамтамасыз ету жобаларын іске асыру және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар қаралды.
Үкімет басшысы облыс экономикасын әртараптандыруға басымдық беру керектігін атап өтті.
«Бұл минералды-шикізат базасын кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс. Бұл тұрғыда инвестиция тарту – ең маңызды мәселе», — деді Әлихан Смайылов.