2023 жылдың 12 сәуірінде ҚР Энергетика министрінің «Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығы күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес шекті бағалар:
– АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин литріне 205 теңгеге дейін;
– дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін құрайды.
Отынның кейбір түрлеріне жаңа бөлшек сауда бағаларын белгілеу мәжбүрлі шара болып табылады және оның көрші елдермен құнының диспаритетін төмендету қажеттілігімен байланысты. Бұл елден мұнай өнімдерінің шығуын азайтуға және ішкі нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Қазақстанда ЖЖМ бағасы 2021 жылдың күзінен бері өзгерген жоқ.
Сонымен қатар көктемгі егіс...