logo

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

Қашаған жобасы әлемдік мұнай-газ саласы тарихындағы ең ауқымды жобалардың бірі болып қала береді. Сонымен қатар ең көп талқыланып келеді. Өйткені, оның көлемі мен географиялық ауқымы таңғалдырады. Солтүстік Каспийдің таяз бөлігінде, теңізде салынған жасанды аралдарда мұнай өндіріледі. Бұл жерде терең теңіздер, жартасты жағалаулар немесе үйреншікті бұрғылау инфрақұрылымы жоқ. Барлығы маусымдық мұз аймағында. Өте жоғары пласт қысымы бар кен орнында. Қыс мезгілінде ауа температурасы –30°C-тан төмендеп, жазда +40°C-қа дейін жетеді. Осындай қатаң жағдайларда іргетасынан бастап салынды.

Бұдан бөлек, Қашаған мұнайының құрамында күкіртсутегі бар. Бұл оны тазалау мен қайта өңдеуде аса күрделі технологияларды қажет етеді. Алайда ең көп сұрақ тудыратын мәселе – жобаның Каспий теңізінің экологиясына әсері. Бұл – дүниежүзілік мұхитпен байланысы жоқ, бірегей ішкі су айдыны. Оның осалдығы бірнеше фактордың қосындысынан туындайды. Атап айтқанда, таяз су, баяу су алмасу процесі, эндемик түрлердің көптігі және балық пен құстардың маңызды миграциялық жолдары. Мұндай экожүйе ғалымдардың, экологтар мен қоғамның ерекше назар аударуына себеп болып отыр.

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

2021 жылдан бастап теңіз түбін тереңдету жұмыстары басталды. Содан бері алаңдаушылық күшейе түсті. Ақпарат айдынында теңіз түбін бұзу, суды ластау, флора мен фаунаға төнетін қауіп туралы айыптаулар жиі шыға бастады. Десе де, дабыра тұжырымдардың артында көбіне нақты деректер ұмыт қалады. Мониторинг деңгейі, тәуелсіз сараптамалар, халықаралық стандарттар және жобаның операторы – NCOC қолданатын нақты қорғау шаралары назардан тыс қалып жатыр.

Каспий теңізі деңгейінің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі – Жер бетінде болып жатқан климаттық өзгерістер. Сондай-ақ, Каспийдің солтүстігіне құятын өзендердің ағынының азаюы да су деңгейіне әсер етеді. Солтүстік Каспийдің таяз суларында теңіз деңгейінің ауытқуы Қашаған кен орнының теңіздегі өндірістік операцияларын жасау үшін қажет болатын кеме қатынасына қауіп төндіреді. Мұндай жағдайда теңіздегі кеме қатынасы жолдарын тереңдету – теңіз логистикасы мәселесін шешудің экономикалық тұрғыдан тиімді жолы.

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

Бұл материалда эмоция мен алдын ала айыптауды алып тастап, Қашаған не істеп жатқанын, бұл Каспийге қалай әсер ететінін және мұнай алыбы табиғат алдында қандай міндеттерді орындайтыны талқыға түседі.

№1 аңыз: Мұнай Каспийді улайды

Дерек: Қашағанда мұнай бүкіл технологиялық тізбек барысында қоршаған ортамен, оның ішінде теңізбен де мүлде жанаспайды. Бұл – толықтай тұйық технологиялық жүйе.

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

Көпшілік арасында мұнай өндіру міндетті түрде төгілуге, су ластануына және теңіз тіршілігінің жойылуына әкеледі деген пікір кең таралған. Алайда шын мәнінде, заманауи теңіз жобалары өндірістік циклді қоршаған ортадан толық оқшаулау принципі бойынша салынуда. Ал Қашаған – әлемдегі технологиялық тұрғыдан ең қорғалған жобалардың бірі.

Барлық мұнай өндіру жұмыстары жасанды аралдарда жүргізіледі. Бұл аралдарда қорғалған өндірістік қондырғылар мен сорғы жабдықтары орнатылған. Ұңғымалардан алынған өнім, атап айтқанда, мұнай мен газ сол жерден жер астындағы құбырлар арқылы құрлықтағы «Болашақ» кешеніне жеткізіледі. Бұл құбырлар герметикті. Жоғары қысым мен агрессивті ортаға – соның ішінде күкіртсутекке – H₂S-ке төзімді.

Басқару жүйесіне мыналар кіреді:

  • барлық негізгі учаскелерде орнатылған қысым, температура және ағын жылдамдығының датчиктері;
  • апаттық автоматты ажыратқыш клапандар (ESD). Олар қандай да бір қалыптан ауытқу байқалған жағдайда ағынды бірден тоқтатады;
  • қосымша контурлар мен байпас жүйелері. Олар жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету кезінде ағынды қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

NCOC компаниясының мәліметінше, коммерциялық өндіру басталған сәттен бері Каспий теңізі акваториясында мұнайдың төгілуіне алып келген бірде-бір оқиға тіркелмеген. Компания мұнай төгілуінің алдын алу және салдарын жою бойынша кешенді жоспар әзірлеген. Бұл жоспарға тұрақты түрде оқу-жаттығу шараларын өткізу, мемлекеттік органдармен бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастыру кіреді. Төгілген мұнайды жою жоспары құбыр жолдарының бойында ықтимал апаттарға арналған егжей-тегжейлі бөліктер бар. Онда экологиялық тұрғыдан осал аумақтар мен әр құбыр желісіне арналған нақты жою ұсыныстары көрсетілген. Жұмыс параметрлерінің барлығы тұрақты түрде оператордың экологиялық есептерінде жарияланып отырады. Құбырлардың жай-күйі мен аралдар маңындағы судың жағдайы үнемі мониторингтен өтеді. Әрі бұл жұмысты компанияның өз қызметтерімен қатар, тәуелсіз зертханалар да жүргізеді.

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

IPIECA – Мұнай, газ және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық қауымдастық пен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің есептеріне сәйкес, Қашағандағы теңізге төнетін қауіп деңгейі жабық типтегі теңіз жобаларына қойылатын халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.

Басқаша айтқанда, Қашаған мұнайы – қауіп көзі емес. Өйткені ол тұйық жүйе ішінде қалып отыр. Ал дәл осындай жүйе Қашағанда құрылып, қазіргі таңда жұмыс істеп тұр.

№2 аңыз: Теңіз түбін тереңдету теңіз экожүйесін бұзады

Дерек: Қашағанда жүргізіліп жатқан тереңдету жұмыстары қатаң регламентке сай, экологтардың бақылауымен және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Көпшілік арасында кең таралған алаңдаушылық – кеме қатынасына жағдай жасау үшін жүргізілетін теңіз түбін тереңдету жұмыстары Каспий теңізінің экожүйесіне орасан зиян келтіреді деген пікір. Бірақ шын мәнінде, қазіргі заманғы түбін тереңдету – бірнеше деңгейлі бақылау мен сараптамадан өтетін реттелетін инженерлік операция. Халықаралық әсерді бағалау стандарттарына сәйкес, жобалық шешімдердің тікелей, жанама және жиынтық (кумулятивті) әсерлері арнайы әдіснама негізінде талданады. Бұл әдіснама әсерлерді төмендету шараларының дәйекті иерархиясына сүйенеді: 1) зиянды болдырмау немесе мүлде алдын алу 2) әсерді барынша төмен деңгейге дейін азайту 3) қалған, теріс және болдырмауға келмейтін әсерлерді өтеп беру. Осы үш кезең табиғи ортаға орны толмас зиян келтірмеуге және биоалуантүрлілікті сақтау бойынша қажетті шараларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

Қашағанда кез келген теңіз табанын тереңдету жұмыстарының алдында міндетті түрде:

  • фондық экологиялық зерттеулер, әсерді модельдеуге негізделген жобалық экологиялық талдау;
  • қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен бірге мемлекеттік экологиялық сараптама;
  • жобадан кейінгі мониторинг пен тірі ағзалар мен теңіз түбіндегі шөгінділерге әсерді бақылау жүргізіледі. Осының барлығы нақты өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді.

Жұмыстардың өзі лицензияланған және аккредитациядан өткен экологиялық бақылаумен қатар жүреді. NCOC мәліметтеріне сәйкес, бақылау барысында тіркелетіндер:

  • теңіз суының және түпкі шөгінділердің физикалық және химиялық параметрлері;
  • теңіз табаны мен планктондық ағзалардың түрлік құрамындағы және биомассасындағы өзгерістер;
  • жануарлар дүниесінің мінез-құлқы.

Өлшеу нәтижелері белгіленген шекті мәндермен салыстырылады. Ал қандай да бір ауытқулар анықталған жағдайда технологияларды жедел түрде түзету немесе жұмыстарды уақытша тоқтату мүмкіндігі қарастырылады.

Осындай тәсілдер бірқатар экологиялық жағынан сезімтал өңірлерде қолданылады:

  • Сингапур – теңіз қорықтары аймағында үздіксіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізеді;
  • Роттердам (Нидерланд) – Рейн өзенінің сағасында экологиялық тұрғыдан ұқыпты жер қазу құрылғыларын пайдаланады;
  • Парсы шығанағы – порттар мен мұнай платформаларын салу кезінде, жоғары температура мен биоалуантүрлілік жағдайында түбін тереңдету әдістері қолданылады.
Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

Қашағанда барлық жұмыстар ISO 14001 халықаралық стандартына (экологиялық менеджмент) сай істелінеді.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтері бойынша, Қашаған кен орнындағы түбін тереңдету аймақтары балықтардың уылдырық шашу және миграция жолдарына, сондай-ақ каспий тюленінің көбею орындарына әсер етпейді. Бұдан бөлек, аталған жұмыстар қатаң уақыт шеңберінде жүргізіледі. Бұл су биоресурстарының көбеюіне орны толмас зиян келтіру қаупін азайтады.

Осылайша, түбін тереңдету – бұл жабайы тәсіл емес. Керісінше, теңіз ортасын қорғаудың халықаралық жүйесіне енгізілген қатаң реттелетін процесс. Қашағанда бұл әдіс озық елдердің тәжірибесін сайқолданылады. Өндірістік қажеттілік пен табиғи тұрақтылық арасындағы тепе-теңдік сақталады.

№3 аңыз: Балықтар, құстар, өсімдіктер жойылып барады

Дерек: Қашағанның өндірістік аймақтары негізгі экожүйелермен қиылыспайды. Ал флора мен фаунаға әсер ету жыл сайынғы мониторинг аясында бақыланады.

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

Каспийдегі мұнай жобаларына жиі тағылатын айыптаулардың бірі – балық пен құс популяцияларына тікелей әсер етеді, биоалуантүрлілік төмендейді, су өсімдіктері жойылады деген пікір. Алайда нақты деректер мен сарапшылардың қорытындылары бұл пікірлердің шындыққа жанаспайтынын көрсетеді.

«Теңіз суын зерттеу нәтижелері оның физикалық-химиялық параметрлері су организмдері үшін қолайлы шекті мәндерге сәйкес келетінін көрсетіп отыр. Түбінің лайлану деңгейі тек тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа жақын жерде ғана байқалады. Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде есептелген шекті деңгейден аспайды», – дейді NCOC-тың биоалуантүрлілік және экологиялық мониторинг тобының жетекшісі Сағиден Ербөлеков.

Логистика мен өндіру процестері экологиялық тұрғыдан маңызды аймақтарды қамтымайды. Экологиялық картография нәтижелеріне сәйкес, Қашаған жобасындағы түбін тереңдету, мұнай өндіру және тасымалдау аймақтары балықтардың уылдырық шашатын жерлерімен, миграциялық жолдарымен және құстардың жаппай аялдайтын орындарымен қиылыспайды. Бұл аумақтар жобаның техникалық-экономикалық негіздеме кезеңінде-ақ жобалық геометриядан алынып тасталған. Бұл деректер биомониторингке тартылған тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталықтарының қорытындыларымен де расталған.

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

Үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізіледі.

NCOC мәліметтері бойынша, жоба аясында жыл сайын келесі экологиялық зерттеулер жүргізіледі:

  • теңіз табандағы фауна мен фито- және зоопланктонның жағдайына гидробиологиялық зерттеулер;
  • бақылау нүктелерінде балық түрлерінің құрамы мен биомассасын зерттеу;
  • су өсімдіктері мен теңіз түбі шөгінділерінің жағдайын бағалау
  • жануарлар әлеміне бақылау жүргізу.

Жиналған деректер ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне тапсырылады. Сыртқы сараптамадан өтеді және базалық үлгі аймақтармен салыстырылады.

Қашағандағы кез келген қалдықты, теріс немесе болдырмауға келмейтін әсерлер жобаның өз аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде өтеу шаралары арқылы өтеледі.

Осылайша, «Каспийден тіршілік жоғалып жатыр» деген дәлелсіз жалпылама пікірлердің орнына, нақты ғылыми деректер экологиялық тепе-теңдікті сақтау бағытындағы жүйелі әрі ғылыми негізделген жұмысты көрсетіп отыр. Қашаған – бұл өндірістік процестің құрамына биоалуантүрлілікті қорғау шаралары толықтай енгізілген өнеркәсіптік жобаның үлгісі. Бұл экологияны сыртқа ысырып қоймай, оны өндірістің ажырамас бөлігі ретінде қарайтын көзқарастың нақты мысалы.

Ашықтық пен бақылау: Қоғамдық мониторинг қалай ұйымдастырылған

Қашаған жобасы бастапқы кезден-ақ мемлекеттік құрылымдармен, ғылыммен және қоғаммен ашық өзара әрекеттесу платформасы ретінде құрылған.

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

«Барлық экологиялық есептер, соның ішінде су, теңіз түбі шөгінділері мен биоалуантүрлілік мониторингі нәтижелері ашық қолжетімді. Бұл ақпаратты жобаның операторы – NCOC жариялайды. Оның ішінде экологиялық портал арқылы да, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі сияқты бейімді ведомстволар да ұсынады», – дейді NCOC-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджері Тимур Джантаев.

Экологиялық ашықтық мыналарды қамтиды:

  • қоғамдық тыңдауларға тұрақты қатысу;
  • тәуелсіз ғылыми институттармен өзара іс-қимыл;
  • тұрақты даму стандарттары аясындағы есептілік.

Экологиялық жауапкершілік – жүйелі тәсіл

Аңыз бен ақиқат: Қашаған Каспий теңізіне қалай әсер етеді.

Қашағанда табиғатты қорғау тәжірибелері өндірістік циклдің өзіне ендірілген. Бұл – жай ғана өтемақы шарасы емес, тәуекелдерді басқару стратегиясы:

  • ISO 14001 стандартына сай экологиялық менеджмент жүйесі енгізілген;
  • smart-сенсорлар мен онлайн-аналитика арқылы цифрлық режимде эмиссиялар мен қоршаған ортаның сапасын бақылау жүргізіледі;
  • ілеспе газ тиімді пайдаланылады – ол жоба аясында энергетикалық қажеттіліктер үшін қолданылып, көміртек ізін азайтады;
  • «Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі іс-қимыл жоспары» жұмыс істейді – оның мақсаты Каспий теңізінің ерекше экологиялық жағдайларын қорғауға қажетті биоалуантүрлілік пен экологияны сақтау бойынша жоғары халықаралық стандарттарға қол жеткізу.

Бұл тәсіл жобаға тек талаптарды орындап қана қоймай, сезімтал экожүйеде орнықты мұнай-газ инфрақұрылымының үлгісі болуға мүмкіндік береді.