logo

Білім мен инвестиция – Солтүстік-Каспий жобасы өңірдегі өмірді қалай өзгертіп жатыр

Білім мен инвестиция – Солтүстік-Каспий жобасы өңірдегі өмірді қалай өзгертіп жатыр

Солтүстік-Каспий жобасы – Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар қатысқан ең ірі бастама. Ол мұнай-газ саласының дамуына ғана емес, сонымен қатар Атырау және Маңғыстау облыстарының ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне стратегиялық үлес қосып отыр. Жобаның операторы NCOC компаниясы халықтың өмір сапасын жақсартуға және адами капиталды дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүйелі түрде іске асырып келеді.

Білім мен инвестиция – Солтүстік-Каспий жобасы өңірдегі өмірді қалай өзгертіп жатыр

1998 жылдан бері Солтүстік-Каспий жобасы аясында инфрақұрылымдық және әлеуметтік мақсаттағы жобалар (СИП) бойынша Атырау мен Маңғыстау облысында 235 жоба жүзеге асырылды. Бұл бастамаларға салынған тікелей инвестиция көлемі 918 миллион АҚШ долларынан асты.

Білім мен инвестиция – Солтүстік-Каспий жобасы өңірдегі өмірді қалай өзгертіп жатыр

Басым бағыттар:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • спорт;
  • мәдениет;
  • инфрақұрылым.
Білім мен инвестиция – Солтүстік-Каспий жобасы өңірдегі өмірді қалай өзгертіп жатыр

Соңғы жылдары іске асқан ең маңызды жобалар қатарында төмендегідейлерін атауға болады:

  • Маңғыстау облысындағы 24 мектеп, соның ішінде Бекі ауылындағы алғашқы толық орта білімді мектеп. Бұл шалғай елдімекенде 100 орындық жаңа екі қабатты мектеп салынды. Онда физика, химия және биология зертханалары, аспаздық пен керамика кабинеттері, спорт залдары мен стадион бар. Бұған дейін ауыл балалары 30 жыл бұрын салынған ескі ғимаратта тек 9-сыныпқа дейін оқып, жоғарғы сыныпты көрші ауылдарға барып оқитын.
  • Ақтаудағы Оқушылар сарайы болашақта жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу орталығына айналады. Ал «Халық Арена» спорт орталығы түрлі ұлттық және халықаралық жарыстар өтетін орынға айналып үлгерді. Кешен құрамында өлкетану музейі орналасқан мәдениет орталығының ансамблі және 500 мың кітап қоры бар облыстық кітапхана бар.
  • Атырау облысының Азғыр өңірін газдандыру: 365 км магистральдық және 68 км ішкі желілер тартылды. Нәтижесінде 10 елді мекендегі мыңнан астам үй газға қосылды. Облыстың газбен қамтылу деңгейі 98,2%-ға жетті.
  • Жедел жәрдем және ветеринариялық көліктер: толық жабдықталған ондаған жедел жәрдем көлігі мен биологиялық қалдықтарды қауіпсіз жоюға арналған екі мобильді инсинератор берілді.
  • Атырау облысының Құрманғазы ауданында жаңа орталық аудандық аурухана салынды.
  • Атыраудағы Жайық өзенінің жағалауы мен жастар саябағы, Ақтаудағы теңіз жағалауы мен «жартас соқпағы» өңірдің көркін ашып тұр.
  • Атырау облысында жаңа балабақшалар мен көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерді.
  • Атырау қаласында 200 орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы және кардиологиялық ауруханаға қосымша корпус салынды.
  • Атырау облысында көппәтерлі үйлер бой түзеді.

Бұл жобалар өңір халқының өмір сапасына тікелей әсер етуде: білім мен медицинаға қолжетімділікті арттырып, жастардың дамуына жағдай жасайды әрі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Білім мен инвестиция – Солтүстік-Каспий жобасы өңірдегі өмірді қалай өзгертіп жатыр

Сонымен қатар, демеушілік пен қайырымдылық бағдарламасы (СиБ) аясында 1998 жылдан бері 1500-ден астам жоба жүзеге асырылып, олардың жалпы құны 30 миллион АҚШ долларынан асты. Бұл бастамалар зейнеткер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар секілді әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды тікелей қолдауға бағытталған.

Жергілікті бизнесті дамыту және халықаралық сертификаттау

NCOC компаниясы жұмысының маңызды бағыттарының бірі – жергілікті қамту саласын дамыту. 2004 жылдан бері қазақстандық компаниялардан сатып алынған тауарлар мен қызметтердің көлемі 18 миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл көрсеткішке жабдықтар жеткізу, мердігерлік және сервистік жұмыстар кіреді.

Қазақстандық жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың халықаралық нарыққа шығуына мүмкіндік беру мақсатында компания сертификаттау және техникалық дайындық саласында жүйелі қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда 220-дан астам қазақстандық кәсіпорын ISO (соның ішінде ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001), API және ASME сияқты халықаралық стандарттар бойынша сертификаттаудан өтті.

Сондай-ақ соңғы жиырма жыл ішінде қазақстандық компанияларға қатысты шамамен 500 техникалық біліктілік аудиті жүргізілді. Бұл тексерістер өндірістік қуатты да, басқару процесін де қамтып, компаниялардың сапа, қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарға сәйкестік деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік берді. Кейбір жағдайларда аудит нәтижесінде модернизация мен персоналды қосымша оқыту жөнінде ұсыныстар берілді.

Кадр даярлау және тұрақты әсер

Жобаның маңызды әсер етуші бағыттарының бірі – жергілікті кәсіби база қалыптастыру. 2000-жылдардың басында Қашаған жобасы іске асырыла бастағанда, мұнай-газ саласында халықаралық стандарттармен жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандардың болуы аса қажет еді. Осы мақсатта 2004 жылы технологиялық жабдықтармен және өндірістік зертханалармен жабдықталған оқу орталығы ашылды.

Білім мен инвестиция – Солтүстік-Каспий жобасы өңірдегі өмірді қалай өзгертіп жатыр

Бұл бастама Арнайы Жоба деп аталды. Арнайы Жобаның басты міндеті – болашақта Қашаған өндірістік жобасында жұмыс істейтін мамандарды іріктеу және оқыту болды. Ұзақ мерзімді мақсат – өндірістік нысандарды пайдалану мен қызмет көрсетуге, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық жұмыстарды жүргізуге жеткілікті білікті және құзыретті кадрлар қорын қалыптастыру еді.

Мұнай өндіру басталғаннан кейін Арнайы Жоба 2016 жылы аяқталды. Осы кезеңде 997 маман қайта даярлаудан өтті. Бұл түлектердің көбі бүгінде компания ішінде, басқа мұнай жобаларында, соның ішінде Қазақстан мен шетелде жетекші лауазымдарда қызмет етіп жүр. Қазіргі таңда NCOC оқу орталығында компания қызметкерлері үшін техникалық дайындық және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау (ОЗТОС) бойынша оқыту жалғасуда.

NCOC компаниясының өңірде ұзақ мерзімді жұмыс істеуі нәтижесінде инженер, техник, жобалық менеджер секілді жаңа буын мамандары қалыптасты. Олар кәсіби біліммен қатар, халықаралық стандарттар бойынша жұмыс тәжірибесіне ие болды.

Білім мен инвестиция – Солтүстік-Каспий жобасы өңірдегі өмірді қалай өзгертіп жатыр

Қазақстандық жоғары оқу орындары мен колледждердің көптеген түлектері консорциум нысандарында өндірістік тәжірибеден және тағылымдамадан өтіп, өз мамандығына сай нақты дағдыларға үйренді. Осылайша, жоба жергілікті адами капиталдың өсуіне серпін беретін катализатор рөлін атқарып отыр.