Зейнетақы қорындағы жинаған қаржыңызды қалай көруге болады? (ВИДЕО)

Жарияланды
700 мың азамат қордағы ақшасының бір бөлігін пайдалана алады

Еліміздің ақпарат кеңістігінде зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану туралы жаңалық көп таралуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл бастама азаматтардың баспана алуына, емделуіне жақсы мүмкіндік бермек. 

Осыған дейін сайтымызда қордағы қаражатты алу бойынша азаматтарға қандай талап қойылатыны жарияланған еді. Яғни, қордағы аударымыңыздың бір бөлігін кәдеге жарату үшін 30 жастағы азаматтың шотында – 2 518 мың; 35 жастағы азаматтың шотында – 2 961 мың; 40 жастағы азаматтың шотында – 3 437 мың; 45 жастағы азаматтың шотында – 3 947 мың; 50 жастағы азаматтың шотында – 4 495 мың; 55 жастағы азаматтың шотында – 5 084 мың; 59 жастағы азаматтың шотында – 5 586 мың теңге болуы тиіс. 

Мемлекеттің бұл бастамасына байланысты қоғам өкілдері түрлі пікір білдіруде. Телеграмдағы FINANCE.KZ каналының жазылушылары азаматтардың БЖЗҚ-дан ақша алу мүмкіндігін әртүрлі бағалаған. Сауалнамаға қатысушылардың 39 пайызы «зейнетақы жүйесіне реформа керек» деп есептесе, 31 пайызы БЖЗҚ дәуірі аяқталуға жақын деген көзқарас танытқан. Ал 13 пайызы бұл бастама – әлеуметтік мемлекет атанудың белгісі деп санайды. Тағы 17 пайыз қатысушы БЖЗҚ-дан ақша шешуді «хороший стимул перейти на белую зарплату» деп бағалаған. Әдетте «белая зарплата» ұғымы – барлық салық төлемдерін жасаған, құқықтық тұрғыдағы сауатты төлем ретінде айтылады. 

Аталған каналдағы оқырмандардың 58 пайызы – ақша алуға болатын шекті жас мөлшеріне жеттік десе, 42 пайызы қаржысын пайдалана алмайтындар қатарында. Ал мүмкіндігі болса оқырмандардың 80 пайызы қордағы жиған қаржысын әлеуметтік мақсатта пайдаланар едік дейді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, 721 мың салымшы шамамен 1,4 трлн теңгеге жуық қаражатты қордан алады. Оның ішінде, 529,7 мың салымшы – тұрақты жұмыс істейтін, қорда қаржы жиған азаматтар. 178,4 мың салымшы жиылған қаражаттың 50 пайыздан аспайтын мөлшерін ала алады. 13,3 мың салымшы сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті жайлы келісімшарт жасасқан. Оларда да қаржысының бір бөлігін алу мүмкіндігі бар. 

Қалай болғанда да тұрақты жұмыс істеп, ұдайы аударым жасаған салымшылар мемлекеттің осы бастамасынан үміттене алады. Ол үшін кез-келген азамат қорда қанша қаржы жиналғанын білуі керек. Білу жолы – өте қарапайым. Төмендегі видеода егжей-тегжейлі түсіндірілген. 

{«preview_thumbnail»:»/sites/default/files/styles/video_embed_wysiwyg_preview/public/video_thumbnails/fpyEXcEilrE.jpg?itok=lZrYRpQI»,»video_url»:»https://www.youtube.com/watch?v=fpyEXcEilrE&feature=youtu.be»,»settings»:{«responsive»:1,»width»:»854″,»height»:»480″,»autoplay»:0},»settings_summary»:[«Embedded Video (Responsive).»]}

 
Сондай-ақ оқыңыз