ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқартуға келісті
Жарияланды
Келісімді 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды
ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер қараша айынан бастап, мұнай өндіруді тәулігіне 2 млн баррельге қысқартуға келісті. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлайды.
Министр Болат Ақшолақов Вена қаласында (Австрия) ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысына қатысқан.
Отырыс барысында тамыз айында елдердің міндеттемелерін орындауы талқыланған. Жиын барысында келісімді 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, ОПЕК+ елдерінің 19-кеңесінде мақұлданған базалық деңгей бекітілді.
Қазақстанның қарашаға арналған міндеттемесі тәулігіне 1,628 млн. баррельді құрайды.