
Таяу Шығыстағы соғыс Ұлттық қор түсімдеріне тікелей әсер еткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында айтты.
«Ұлттық қор жылдан-жылға артып жатыр. Ұлттық қор портфелі жеткілікті сараланған. Оның құрамында теңге, шетел валюталары, соның ішінде әртүрлі дамыған елдердің валютасы да қамтылған», – дейді Жамаубаев.
Сондай-ақ ол мұнай бағасы қазіргі деңгейде қалса, бюджетке қосымша қаржы түсетінін айтты.