Таяу Шығыстағы соғыс Ұлттық қорға қалай әсер етті

Жарияланды 15 Сәуір 2026 10:29

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Ұлттық банк төрағасының орынбасары жауап берді/ Фото: shutterstock

Таяу Шығыстағы соғыс Ұлттық қор түсімдеріне тікелей әсер еткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында айтты.

«Ұлттық қор жылдан-жылға артып жатыр. Ұлттық қор портфелі жеткілікті сараланған. Оның құрамында теңге, шетел валюталары, соның ішінде әртүрлі дамыған елдердің валютасы да қамтылған», – дейді Жамаубаев.

Сондай-ақ ол мұнай бағасы қазіргі деңгейде қалса, бюджетке қосымша қаржы түсетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз