Air Astana-ның алғашқы үш айдағы түсімі 331 млн долларға жетті

Жарияланды 5 Мамыр 2026 12:46

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Пассажиры Air Astana могут бесплатно вернуть билеты на Ближний Восток до 11 марта
Air Astana 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша есеп берді / фото: Kursiv Media

Air Astana 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша есеп берді. Компания түсімі өткен жылмен салыстырғанда 13,2%-ға өсіп, 331 млн долларды құрады. Бұл ретте ұшақтардың жалпы сыйымдылығы өзгермеген, ал жолаушылар саны керісінше 3,3%-ға азайып, 1,95 млн адамды құрады.

Бір қарағанда, жағдай жаман емес. Ұсынылған орындар саны небәрі 0,7%-ға өссе де, ақылы жолаушы айналымы 3,0%-ға артқан.

Ұшақтардың толу көрсеткіші де өткен жылғы 81,5%-дан 83,3%-ға дейін көтерілді. Яғни компания қолда бар шектеулі мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, сұранысты сақтап қала алды.

Қозғалтқыш мәселесінің әсері

Компания бұл қиындықтарды Pratt & Whitney қозғалтқыштарындағы ақаумен байланыстырады.

2025 жылы Pratt & Whitney қозғалтқыштарын 22 рет жоспардан тыс шешіп алуға тура келген. Соның салдарынан ең жоғары сұраныс кезеңінде компанияның 13 ұшағы істен шыққан.

Ұшақтардың рейске ұшпай бекер тұруы шығынның көбеюі мен компанияның қаржы жағдайына қысым түсірген.

Наурыз айында жлаушылар ағыны артты

Дегенмен, наурыз айы айтарлықтай сәтті болды. Ұшақтардың толуы жоспардан 9%-ға асып түсті, ал орташа билет бағасы болжанғаннан 10%-ға жоғары болды.

Бұған Рамазан мен Наурыз мейрамдарындағы жоғары сұраныс және наурыздан бастап жанармай алымының енгізілуі көмектесті.

Халықаралық бағыттар мен Қытай нарығы

Air Astana стратегиялық тұрғыдан табысы жоғары халықаралық бағыттарға көбірек көңіл бөле бастады. Халықаралық тасымал 12,8%-ға өссе, ішкі рейстер 8,7%-ға азайған.

Парсы шығанағындағы жағдайға байланысты Доха, Дубай, Жидда бағыттары тоқтатылған соң, компания ұшақтарын тез арада Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай, Үндістан мен Еуропаға бағыттады.

Қытай нарығына ерекше басымдық беріліп отыр. Наурыз айында Алматыдан Шанхайға тікелей рейс ашылды. Қазір Қытайға 6 бағыт бар, ал рейстер саны аптасына 11-ден 23-ке дейін өсті.

Маусымның соңына қарай Air Astana мен FlyArystan рейстер санын аптасына 50-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Жанармай мен қаржы жағдайы қандай

Компания авиаотынның 70%-ын Қазақстан ішінде тікелей зауыттардан сатып алады. Қалған 30%-ы шетелден алынады. Шетелдік жанармай бойынша компания бағаның құбылуынан алдын ала сақтанған (хеджирлеу), сондықтан бұл жағынан қауіп төмен.

Компанияның қаржылық жағдайы әзірге тұрақты. Қолда 442 млн доллар қаражат бар. Борыштың пайдаға қатынасы (Net Debt/EBITDAR) 1,9 есеге дейін өскенімен, бұл көрсеткіш әлі де қалыпты шектен аспаған.

Еске сала кетейік Қазақстандық әуе компаниялары Араб әмірліктеріне рейстерін бастаған жоқ. FlyArystan жаздың соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатты, ал Air Astana 31 мамырға дейін Дубайға ұшпайды

Сондай-ақ оқыңыз