Алматы дәрігерлері аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға кеңес берді

Жарияланды 15 Шілде 2026 10:45

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Алматыда аптап ыстық болады/фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем шақыратындар саны артқан. Екі аптаның ішінде 33 мыңнан аса шақыру түскен.

Ішінде қан қысымының көтерілуі, жүрек-қан тамыры аурулары, жүректің ишемиялық ауруы мен жедел миокард инфаркті көп тіркелген. 50-ге жуық науқас шұғыл түрде қалалық ауруханаларға жеткізілген.

Дәрігерлер тұрғындарға сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін күннің астында жүрмеуге, көп су ішуге, бас киім киюге кеңес беріп отыр. Денсаулығыңыз нашарласа, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Медициналық қарсы көрсетілім болмаса, ересектерге тәулігіне кемінде 2 литр су ішу ұсынылды. Сонымен қатар алкоголь, тәтті газдалған сусын және кофені шамадан тыс тұтынуды шектеу керек.

Синоптиктер болжамына сәйкес, Алматыда 15 шілдеде түнде ауа температурасы +21…+23°C, күндіз + 33…+35°C болады.

Сондай-ақ оқыңыз