Рыбакина Астана мен Алматыда балаларға мастер-класс өткізеді

Жарияланды 18 Қыркүйек 2026 11:12

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Елена Рыбакина прокомментировала первую в карьере победу на US Open. Казахстанка рассказала о травме перед турниром, атмосфере в Нью-Йорке и поблагодарила команду после финала с Ариной Соболенко.
Елена Рыбакина Қазақстанға келеді/Фото: Manuela Davies/USTA

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Астана мен Алматыға келіп, жас спортшыларға мастер-класс өткізеді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанға бір апталық сапары кезінде Рыбакина балаларға шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибесін бөліседі, сондай-ақ жанкүйерлерімен кездеседі. 

Сонымен қатар теннисші Цинциннатиде өткен WTA 1000 санатындағы турнирде алған жарақатына байланысты медициналық тексеруден өтеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина Wimbledon-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінің чемпионы титулдарын жеңіп алған.

Жақында ғана Нью-Йоркте өткен АҚШ ашық біріншілігінің (US Open-2026) финалында Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет US Open кубогын иеленді. Матчтан кейін өткен баспасөз конференциясында Елена Қазақстандағы жанкүйерлері мен өзін қолдаған барша отандастарына ыстық ықыласын білдіріп, елге келу жоспары барын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз