
Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді. Триатлоннан сынға түскен қазақстандық спортшы Арлан Жаңабай қола жүлде иеленді.
Жарыс барысында спортшылар 750 метрді жүзіп, 20 шақырымды велосипедпен жүріп, 5 шақырым жүгірді. Жанабай бұл қашықтықты 53 минут 11 секундта бағындырып, жеңімпаз жапониялық Такуми Ходжоға небәрі 15 секунд жол берді.
Жапониялық спортшы 52 минут 56 секунд нәтиже көрсетіп, алтын медаль алды. Қытайлық Чжан Сюйжуй 53 минут 5 секунд нәтижемен күміске ие болды.
Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Аян Бейсенбаев жарысты тоғызыншы болып аяқтады. Оның нәтижесі – 54 минут 56 секунд.
Ерлер арасындағы триатлон жарысына 33 спортшы қатысып, оның 29-ы мәреге жетті.
Еске салайық, Рината Сұлтанова Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ашылу салтанатын қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирде сағат 13:55-те Qazsport пен Qazaqstan арналарынан көре алады.