
2026 жылғы қаңтар–шілдеде Қазақстан импортының 3,2%-ы жаңа жеңіл автомобильдер мен өзге де моторлы көлік құралдарына тиесілі болды. Kursiv Media қазақстандықтардың автокөлікті қай елдерден сатып алғанын зерттеп көрді.
Қытай көліктері
Жеті айда Қазақстанға 153,6 мың жеңіл автомобиль жеткізілді. Олардың басым бөлігі Қытайдан келген. Қытайдан импортталған көлік саны 120,1 мың данаға жетіп, жалпы көлемнің шамамен 78%-ын құрады. Ақшалай есепте Қытайдан келген автомобильдердің құны 489,1 млн доллар болды.
Қазақстан 154 мың жеңіл автомобильді қай елдерден импорттады?
2026 жылғы қаңтар–шілде. Елдер жеңіл автомобиль импортының ақшалай көлемі бойынша реттелді.
Қытай
Жапония
Америка Құрама Штаттары
Германия
Вьетнам
Оңтүстік Корея
Ұлыбритания
Словакия
Ресей
Австрия
Мексика
Канада
Оңтүстік Африка
Литва
Таиланд
Финляндия
Италия
Испания
Венгрия
Түркия
Үндістан
Индонезия
Чехия
Швеция
Өзбекстан
Сейшел аралдары
Франция
Грузия
Тайвань
Австралия
Көлік саны жағынан Қытай айқын алда болғанымен, импорт құны бойынша Жапония да үлкен үлеске ие. Бұл елден 10 мыңнан астам автомобиль жеткізіліп, олардың жалпы құны 334,4 млн долларды құрады.
АҚШ-тан Қазақстанға 10,2 мың көлік 128,8 млн долларға, Германиядан 3,1 мың автомобиль 100,4 млн долларға импортталған.
Оңтүстік Кореядан келген автомобиль саны Германиядан көп – 6,1 мың дана, алайда олардың жалпы құны 22,8 млн доллар болған.
Ұлттық статистика бюросының қаңтар–шілдедегі сыртқы сауда дерегінде Қазақстанның жалпы импорты 36,9 млрд доллар болғаны көрсетілген.