Қазақстан 154 мың жеңіл автомобильді қай елдерден импорттады (инфографика)

Жарияланды 6 Қазан 2026 14:05

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Көлік импорты / фото: Kursiv Media

2026 жылғы қаңтар–шілдеде Қазақстан импортының 3,2%-ы жаңа жеңіл автомобильдер мен өзге де моторлы көлік құралдарына тиесілі болды. Kursiv Media қазақстандықтардың автокөлікті қай елдерден сатып алғанын зерттеп көрді.

Қытай көліктері

Жеті айда Қазақстанға 153,6 мың жеңіл автомобиль жеткізілді. Олардың басым бөлігі Қытайдан келген. Қытайдан импортталған көлік саны 120,1 мың данаға жетіп, жалпы көлемнің шамамен 78%-ын құрады. Ақшалай есепте Қытайдан келген автомобильдердің құны 489,1 млн доллар болды.

Қазақстан импорты · ТН ВЭД 8703

Қазақстан 154 мың жеңіл автомобильді қай елдерден импорттады?

2026 жылғы қаңтар–шілде. Елдер жеңіл автомобиль импортының ақшалай көлемі бойынша реттелді.

Импортталған автомобиль 153 619 дана
Жалпы импорт құны 1,18 млрд $
№
Мемлекет
Саны
Сомасы
1
Қытай туы Қытай
120 142 дана
489,1 млн $
2
Жапония туы Жапония
10 033 дана
334,4 млн $
3
АҚШ туы Америка Құрама Штаттары
10 240 дана
128,8 млн $
4
Германия туы Германия
3 137 дана
100,4 млн $
5
Вьетнам туы Вьетнам
1 458 дана
30,6 млн $
6
Оңтүстік Корея туы Оңтүстік Корея
6 103 дана
22,8 млн $
7
Ұлыбритания туы Ұлыбритания
251 дана
22,0 млн $
8
Словакия туы Словакия
189 дана
16,5 млн $
9
Ресей туы Ресей
1 138 дана
9,8 млн $
10
Австрия туы Австрия
37 дана
7,3 млн $
11
Мексика туы Мексика
270 дана
6,0 млн $
12
Канада туы Канада
249 дана
2,9 млн $
13
Оңтүстік Африка туы Оңтүстік Африка
34 дана
1,7 млн $
14
Литва туы Литва
65 дана
1,5 млн $
15
Таиланд туы Таиланд
50 дана
1,1 млн $
16
Финляндия туы Финляндия
71 дана
1,05 млн $
17
Италия туы Италия
27 дана
852,3 мың $
18
Испания туы Испания
8 дана
617,9 мың $
19
Венгрия туы Венгрия
8 дана
576,3 мың $
20
Түркия туы Түркия
26 дана
520,7 мың $
21
Үндістан туы Үндістан
36 дана
415,3 мың $
22
Индонезия туы Индонезия
18 дана
340,0 мың $
23
Чехия туы Чехия
5 дана
310,3 мың $
24
Швеция туы Швеция
5 дана
100,5 мың $
25
Өзбекстан туы Өзбекстан
4 дана
48,7 мың $
26
Сейшел аралдары туы Сейшел аралдары
1 дана
37,0 мың $
27
Франция туы Франция
3 дана
28,5 мың $
28
Грузия туы Грузия
4 дана
24,1 мың $
29
Тайвань туы Тайвань
4 дана
15,6 мың $
30
Австралия туы Австралия
3 дана
14,0 мың $

Көлік саны жағынан Қытай айқын алда болғанымен, импорт құны бойынша Жапония да үлкен үлеске ие. Бұл елден 10 мыңнан астам автомобиль жеткізіліп, олардың жалпы құны 334,4 млн долларды құрады.

АҚШ-тан Қазақстанға 10,2 мың көлік 128,8 млн долларға, Германиядан 3,1 мың автомобиль 100,4 млн долларға импортталған.

Оңтүстік Кореядан келген автомобиль саны Германиядан көп – 6,1 мың дана, алайда олардың жалпы құны 22,8 млн доллар болған.

Ұлттық статистика бюросының қаңтар–шілдедегі сыртқы сауда дерегінде Қазақстанның жалпы импорты 36,9 млрд доллар болғаны көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз