Жаңғақ ағашын кессе, құран оқу қажет пе – Нұрлан имам жауап берді

Жарияланды 30 Қазан 2026 11:35

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«Жаңғақ ағашын кессе, құран оқу қажет пе?» деген сауалға Нұрлан имам ретінде танылып кеткен дін қызметкері Нұрлан Байжігітұлы жауап берді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Әдетте, қазақстандықтар жаңғақ ағашын киелі деп есептеп, оны кесуден тартынады. Кесер алдында «кешірім сұрап» құран бағыштап жатады.

 «Біз есік алдындағы жаңғақты кестік. Құран түсіріңдер десем, ештеңе етпейді дейді», – деп, қазақстандықтардың бірі мұның дұрыс, бұрысы жайында Нұрлан имамға сауал тастады.

«Құранды кімге бағыштайды? Жаңғаққа ма? Жаңғаққа құран оқылмайды. Ағашқа құран бағыштаймайды. Ағаштың, жаңғақтың түрлеріне, олардың жеті ата-бабасына бағыштадым демейді. Бізде солай. Біздің қазақ сондай иманжүзді. Ағаш кессе де, шөп шапса да, оқиды. Ақкөңіл. Құранды аямаймыз», – деп күлді Нұрлан Имам.

Оның пікірінше, Құранды өмірге кіргізу абзал. Содан кейін оқу керек.

«Бізде құран оқиды, бірақ өмірге кіргізбейді. Құран оқыған кезде, аяғы майысып қалса да, қозғалмайды. Әсіресе, келіндер. Жәннатқа бір аяғымен кірейін деп тұрған періште дерсің. Етектерін жауып күшті болып отырады. Құран біткен соң, қайта жын-шайтанға айналады», – деп жымиды имам.   

Айта кететін жайт, АҚШ-тың Коннектикут университетінің ғалымдары жаңғақтың қатерлі ісік дертіне қарсы өте күшті қасиеті бар екенін анықтап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз