Павлодарда стоматологқа барған бүлдіршін комаға түсті: тексеріс басталды

Жарияланды 29 Қазан 2026 16:25

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Стоматологиядан кейін қыз комаға түсті/фото: shutterstock

Павлодарда төрт жастағы бүлдіршін «Ажар» жекеменшік стоматология емханасына барғаннан кейін комаға түсті. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Кучуковтың айтуынша, бала өте ауыр жағдайда жатыр. Бүлдіршінді аман алып қалу үшін Алматыдан штаттан тыс бас балалар реаниматологы шақырылған.

Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Ермек Кучуковтың сөзінше, оқиға болғанға дейін бүлдіршін «Ажар» емханасында екі рет қаралған. 

«Емдеу барысында ешқандай ине салынбаған, ауырсынуды басатын дәрілер де қолданылмаған. Баланың жағдайы нашарлаған соң жедел жәрдем шақырылған. Олар қызды облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызды», — деді Кучуков.

Бала комада жатыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

«Ата-анасымен күн сайын сөйлесіп, баланың жағдайы туралы хабардар етіп отырамыз. Анасы да ауруханада жүр», — деді ол.

Кучуковтың айтуынша, қазір жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тергеу басталған.

Құқық қорғау органдары стоматология клиникасындағы барлық видеоны тәркілеген. Медицина қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, оқиға 21 қазан сағат 15:00 шамасында болған.

Астанадағы қайғылы жағдай

Астанада 2024 жылдың 30 қазанында үш жастағы Зере Есентай Dental Park Ortho стоматологиясында қайтыс болды. Бүлдіршіннің 9-11 тісін емдеу үшін «Севоран» наркозы салынған. Алайда қыз «ұйықтап» жатқан кезде жоспар өзгеріп, стоматолог оның 18 тісін емдеген. Емдеу жоспарланған үш сағаттың орнына 3,5 сағатқа созылған. Бүлдіршін емхана ішінде оянбай қалған.

Бірнеше айға созылған сотта балаға «Севоран» препаратын салған анестезиолог Аида Жұмағалиева екі жылға бас бостандығынан айырылды. 3 жыл медициналық қызмет көрсету саласында жұмыс істей алмайды. ҚР «Рақымшылық туралы» заңына сәйкес Аида Жұмағалиева тағайындалған негізгі жазадан босатылды. 

Сондай-ақ оқыңыз