«Астана-Инвест» инвестициялық үйі брокерлік лицензиясынан айырылды

Жарияланды 19 Қараша 2026 18:29

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
«Ойыл-Несие» несие серіктестігі» лицензиясынан айырылды/фото: Flickr
«Астана-Инвест» инвестициялық үйі брокерлік лицензиясынан айырылды / Фото: Flickr

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ-ның бағалы қағаздар нарығында қызмет ету лицензиясын тоқтатты. 

Шешім компанияның өз өтініші негізінде қабылданған, алайда мұндай қадамның нақты себебі жарияланбады.

Реттеуші органның ресми хабарламасында 2016 жылғы 26 қыркүйекте берілген № 3.2.228/6 лицензияның күші агенттік төрағасы орынбасарының 2026 жылғы 19 қарашадағы № Б-251 бұйрығымен жойылғаны көрсетілген.

Айта кетейік, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде құрылған болатын. Қазіргі таңда компания акционерлерінің қатарында алты заңды және бес жеке тұлға бар. Сондай-ақ, қаржы ұйымы кезінде кәсіпкерлер Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі «ЦАТЭК» холдингімен тығыз байланыста болған.

Сондай-ақ оқыңыз