Кәсіпкерлер мораторийді пайдаланып, салық төлеуден жалтарды
Жосықсыз кәсіпкерлер тексерулерге 3 жылдық мораторийді салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жасады, деп хабарлайды primeminister.kz.
«2020 жылдан бастап енгізілген тексерулерге 3 жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады», – деді министр.
Тек өткен жылдың өзінде «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» жобасы аясында Мемлекеттік кірістер комитетіне заң бұзушылықтар туралы бейне-тіркеумен 16,5 мың хабарлама келіп түскен.
«Осыған байланысты біз мораторий туралы Жарлыққа азаматтардың шағымдары мен жосықсыз субъектілер бойынша тексерулерге оны қолданбау бөлігінде түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық»,- деді Ерұлан Жамаубаев.