Қазақстанда оқушылар теледидар арқылы білім алуы мүмкін

Жарияланды
Сол үшін арнайы жұмыс тобы құрылды

ҚР  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбук парақшасында қашықтан оқытудың теледидарлық тәсілімен бөлісті.

«ЮНЕСКО-ның ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 107 мемлекетте орта білім беретін мектептер толық жабылған. Бұл – 861 миллион оқушы білім алуын тоқтатты деген сөз. Бұған қоса 12 елдің кейбір қалаларында орта білім беру ошақтары жұмыс істемейді. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттің алдында осы үдеріс салдарын азайту және үздіксіз білім беруді қамтамсыз ету үшін мүмкіндік жасау міндеті тұр»,- деді министр.

«Отандық білім беру жүйесі үшін де қашықтан оқыту форматына көшу – үлкен сынақ. Сондықтан қашықтан оқыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы тағы бір мәрте жазуды қажет деп санадым»,-деді ол.

1. «Қашықтан оқыту айтарлықтай оңай, әрі жеңіл ме?», «Білім беру ұйымдары 100% қашықтықтан оқыту форматына көше ала ма?» деген сынды сауалдар жиі қойылуда. Әлбетте, бәрі айтарлықтай оңай емес. Орта білім беру жүйесіне қатысты үлкен жұмыс атқарылуда, қазірдің өзінде нәтиже бар деп айтуға болады.

Жоғары білім деңгейіне келетін болсақ, шын мәнінде толық дайындық бар. ЖОО-ның басым көпшілігі соңғы екі жылда бірқатар технологияны пайдалып жүр. Сондықтан дайындық деңгейлері жақсы. Мәселен, ҚазҰУ, КИМЭП, ШҚМТУ, UIB, СДУ және тағы басқа университеттер үшін бұл форматта сапалы білім беру еш қиындық туғызбауда. Дегенмен, кейбір жекеменшік жоғары оқу орындары тұрақты бақылауға алынып, оларға әдістемелік және техникалық қолдау көрсетілуде. 

2. Біз арнайы жұмыс тобын құрдық. Оның құрамына қашықтан білім беру саласында жұмыс істейтін «Bilimland», «Daryn.online», «Күнделік», «Univer», «Platonus», «EduPage», БИЛ, «BTS education», «U-study» и «AGS» сынды ұйымдардың өкілдері және педагогтер, әдіскерлер, мектеп директорлары, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және ЖОО проректорлары енді.

Бұл ретте жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Мәселен:
А) Тапсырмаларды беруді, олардың орындалуын тексеруді, бағалауды және кері байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу;

Б) Білім алушылар бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылау, бағалау бойынша немесе бейне-стриминг сервистерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін жүйелерді іске қосу;

В) Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз. Онда бейне-сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетілетін болады. Бұл тетік, әсіресе, интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті.

3. Интернет провайдерлері мен байланыс операторлары бойынша ЦДИАӨМ-мен бірлесіп жұмыс жүргізудеміз. Осы кезеңде білім беру ресурстарын пайдалану барысында трафик есептелмегені дұрыс. Осы мәселе бойынша Премьер-Министр тарапынан тиісті тапсырма берілді және қолдау көрсетілді.

4. Көптеген ірі платформалар өз қызметтерін тегін ұсынып жатыр. Бұл жұмысымызды біршама жеңілдетті. Қазіргі уақытта «Zoom» стримингтік сервисі мен «Coursera» деп аталатын ірі платформалардың бірі тегін қызмет көрсетуде. Сондай-ақ «Google Classroom», «Hangout», «Күнделік», «Moodle» жүйелерін тегін қолдануға болады. Сонымен қатар «Bilimland» платформасы өзінің 40 мыңнан астам контентін тегін ұсынды.

5. Қашықтықтан оқытуға келетін болсақ, біз оны онлайн-оқытумен шатастырмауымыз керек. Қашықтық форматының ұғымы әлдеқайда ауқымды және бірден бірнеше әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай формат сабақты геймификациялауға (ойын түрінде өткізуге), өзін-өзі ширау деңгейін арттыруға, ең бастысы, оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді. Бұл – біз қол жеткізуге ұмтылып отырған қажетті, әрі тиімді оқыту жүйесі.

«Қарқынды жұмыс жүргізілуде. Кейде әртүрлі тәсілдер мен шешімдерді қабылдауды қажет етеді. Біз 5 сәуірге дейін ақпараттық жүйелерді дайындап үлгеруіміз керек. Оларды тиісті контентпен қамтамасыз етіп, сынап көруіміз қажет. Сондай-ақ, 6 сәуірден бастапқажет болған жағдайда жаңа форматта сабақ алуға бейімдеуге тиіспіз»,-министр. 

Сондай-ақ оқыңыз