2021 жылы қанша қазақстандық шетелде демалды

Жарияланды
Биыл шетелде демалғандардың саны артты

Биылғы жылдың тоғыз айында 323 470 қазақстандық шетелге демалуға барды. 2019 жылы бұл сан 387 175 адамды құрады, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz хабарлады.

Биыл ең танымал жеті бағытқа Мальдив аралдары (10 297 адам) және Черногория (4 824 адам) кірді. Ал шетелде демалу үшін танымал елдер тізімінің басында: Мысыр – 129 347 турист, Түркия – 109 964, БАӘ – 61 764, Грузия – 4 017 және Шри-Ланка – 3 133 болды. Сондай-ақ, Қазақстаннан шығатын туристердің ең көп саны шілде және тамызда тіркелді – 67 803 және 63 028 адамды құрады.

Шетелге демалуға шыққан қазақстандықтар саны жыл соңына дейін артуы мүмкін. Өйткені жақында Мальдив аралдарына турлар жаңартылып, Таиландқа тікелей рейс ашылды.

 

Сондай-ақ оқыңыз