Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

Жарияланды
ЭКО-ға бөлінетін квота саны 7 есеге ұлғайды

Биыл Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы ағымдағы жылдың қаңтар айынан басталды. Осы бағдарлама аясында ЭКО-ға бөлінетін квота саны 7 есеге – 7000-ға дейін ұлғайтылды.

«Алматыға 800 квота бөлінді. Оған қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауапты. Келесі жылы 300-350 квота деп министрлік тарапынан жоспарланып отыр. Республикалық бюджеттің тарапынан келіп жатқан қаржы. Оның кімдерге берілетіні құрылып жатқан комиссия арқылы мамандармен бірге басқарманың төңірегінде шешіледі», – деді қала әкімі.

Айта кетсек, өткен жылы қалада ЭКО-ға 130 квота бөлінген болатын. Әйелді ЭКО-ға жіберу туралы шешім қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған комиссия отырысында қабылданады. Бүгінгі күні кезекте 700-ден астам әйел тұр.

Сондай-ақ оқыңыз