Альберто Фернандес Аргентинадағы президент сайлауында жеңіске қол жеткізуде

Жарияланды
Ол сайлаушылар дауысының 47% жинады

Аргентинада президент сайлауында солшыл центрист оппозиционер Альберто Фернандес жәңісті тойлауда. Мұны сайаушылар дауысының 73% санау мәліметтері дәлелдеуде, деп хабарлайды Интерфакс.

Атап айтарлығы, елдің қазіргі президенті Маурисио Макри 41,30% дауыс жинапты. Аргентина азаматтары жексенбі күні аса маңызды таңдау жасап, парламент және президент сайлауларында дауыс берді. Мемлекет басшысы лауазымы үшін елдің қазіргі көшбасшысы Маурисио Макри мен солшыл центрист оппозиционер Альберто Фернандес тартысқа түскен-ді.
 
Альберто Фернандес жеңіске жеткен жағдайда елдің экс-президенті Кристина Фернандес де Киршнер вице-президент атанатын болады.
Бірінші турда жеңіске сайлаушылар дауысының 45% немесе 40% артығын жинаған үміткер жетеді, бірақ ол жақын қарсыласынан 10%-дан артық дауыс жинауға тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз