Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер ұзартылды

Жарияланды
Шектеу 8 желтоқсанға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер ұзартылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаев мәлім етті, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы- 17,1%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,96, ШҚО CОVІD-19 коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймаққа» жатқызылғанын анықтап, келесідей шешімге келді.

Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше шарттарымен 2020 жылғы 25 қарашадағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 08 желтоқсандағы сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылады.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының қызметі апта күндері бойынша шектеусіз, сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Ғимарат ішінде орналасқан азық-түлік базарларының және ғимараттан тыс және ішінде орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етілсін және демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыз