Қазақстанға ұшақпен келген 2 адамнан коронавирус анықталды

Жарияланды
1 026 жолаушы ұшып келді

Қазақстанға ұшақпен келген 2 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлайды.    

2020 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, РФ, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь Республикасы мен Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

1 026 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 921 адам, анықтамасыз 105 адам – ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 507 жолаушы, анықтамамен – 431, анықтамасыз – 76;
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз – 29;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 99 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
 

Сондай-ақ оқыңыз