Фейк: «Жүкті әйелдерге КВИ қарсы екпе олардың келісімінсіз салынады»
Жарияланды
Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды
Қазнет қолданушылары 22 қарашадан бастап жүкті әйелдерді COVID-19 қарсы вакцинациялай бастайды деген ескерту таратуда. Бұл ретте хабарламада барлығын бірдей егу жоспарланып отырғандықтан олардың вакцинацияға келісімі немесе одан бас тартуы маңызды болмайтыны айтылған. Бұл жалған. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.
Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
«Жүкті әйелдерді вакцинациялау егілетіндердің ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін ғана жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні жүкті әйелдерге КВИ қарсы вакцина салынып жатқан жоқ», – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.