Алаяқтықтың жаңа түрлері қарқынды түрде дамуда

Жарияланды
Ешқашан күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар

Соңғы жылдары алаяқтықтың жаңа түрлері қарқынды түрде дамып, жетілуде. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.

Алаяқтар тәжірибелі әрі қаржылық тұрғыдан сауатты деген адамның өзін тығырыққа тығатын арнайы бағдарламалық қамтылымдар мен әлеуметтік инженерия әдістерін пайдалануда. 

Бұл ретте ҚР ІІМ деректері бойынша жасалып жатқан қылмыстардың жалпы құрылымындағы алаяқтықтың үлесі соңғы бірнеше жылда 10%-дан 13,3%-ға дейін өсіп, ұрлықтан кейін екінші орында екен.

Алаяқтар өздерін банктердің қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері деп таныстыруы мүмкін. Хабарласқан немесе СМС хабар жіберген нөмірді ауыстырады. Банктердің, онлайн-дүкендердің және қызметтер сервистерінің парақшаларын көшіріп алады. Электрондық поштамен және мессенджерлерде зиянды сілтемелер жібереді.

Бөгде адамдарға төлем картасының деректерін, ЭЦҚ, жеке басты куәландыратын құжаттарды және қаржы алаяқтары пайдалануы мүмкін басқа да конфиденциалды ақпаратты сеніп тапсырмаңыздар.  Таныс емес карталар мен шоттарға аударымдар жүргізбеңіздер.

Ешқашан күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар. Өздеріңіздің шоттарыңыз, пин-кодтарыңыз туралы ақпаратты және басқа да конфиденциалды мәліметтерді ешкімге айтпаңыздар.

 

Сондай-ақ оқыңыз