Қазақстан мен Қырғызстан азаматтар туралы ақпаратпен бөлісуге келісті

Жарияланды
Келісімге Бішкекте қол қойылды

Қазақстан мен Қырғызстан көші-қоң саласындағы әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды 24.kg.

Келісімге 27-қарашада Бішкекте Қырғыстанның Мемлекеттік көші-қоң қызметінің төрағасы Болотбек Ибраимжанов пен Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қол қойды, келісім олардың ведомстволары арасында әрекет ететін болады.

Құжат келесі салаларда ақпарат алмасуды қарастырады:

– тарап-мемлекет аумағында жүрген азаматтар туралы;

– Қырғызстанның немесе Қазақстанның азаматтығын қабылдаған немесе қалпына келтірген тұлғалар туралы, оның ішінде, қос азаматтық фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ тәжірибе алмасу және нақты көмек көрсету мақсатында.

Осы орайда, Қазақстанда еңбек миграциясы аясында Қырғызстанның, шамамен, 30 мыңға жуық азаматы жүргені атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыз