Алматы биыл Жаңа жылға орай безендірілмейді

Жарияланды
Былтырғы шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қалпына келтіріліп, орнатылады

Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері  биылғы жаңа жылдық безендіруге ақша бөлмеу туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл әкімдіктің негізгі бюджет қаражаты коронавирус инфекциямен күресуге бағытталды.

 «Жаңа жылдық шыршаларды орнатуға және көшелерді жарықпен безендіруге ақша бөлінбеді», – деді басқармадағылар.

Ведомство мәліметінше, былтырғы шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қалпына келтіріліп, орнатылады.

Алматы әкімдігі пандемияға байланысты ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбейді. Соған қарамастан, мерекелік күндерге орай мәдениет басқармасының ведомствоға қарасты мекемелерімен 25 іс-шара ұйымдастырылды. Олардың көпшілігі онлайн форматта өтеді.

Ал дәстүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралар барлық санитарлық норманы сақтай отырып, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Жаңа жылдық отшашу да қарастырылмаған», – деді әкімдіктегілер.

 

Сондай-ақ оқыңыз