Коронавирус адам өмір сүру ұзақтығына әсер етеді

Жарияланды
Індет тромбоздың туындауын, жүрекке артық жүктемені , қант диабетін тудырады

Коронавирустық инфекцияның ауыр түрін өткерген адамдардың ағзаларында ерте қартаю үрдістері жүруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Ресей иммунологтардың айтуынша, КВИ адам ағзасында созылмалы аурулардың пайда болуына ықпал етсе, бұл адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқаруы мүмкін.

Коронавирус – бұл тамырлардың жүйелі қабынуы. Тамырлар адам ағзасының барлық бөліктерін қамтитын болғандықтан, дене мүшелерінің көпшілігінде қосымша жүктемелер пайда болады, өз кезегінде  жүктемелер індеттің асқынуын тудырады. Бұл дене мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына, олардың  функцияларының төмендеуіне әкеледі. Коронавирус тромбоздың туындауын, жүрекке артық жүктемені болуын, қант диабеті жағдайларының көбеюін тудырады.

 Сонымен қатар, дәрігерлер коронавирустың жеңіл түрін өткергендер мен созылмалы ауруларға шалдықпаған адамдарда, індет жоғарыда айтылған асқынулардың болмауы мүмкін екендігін атап өтті.
 

Сондай-ақ оқыңыз