Наурыз мейрамында «Бәйтерек» пойызы күнделікті қатынайды
Жарияланды
19 наурыздан бастап
19 наурыздан бастап мереке күндері «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-1» бағытымен жүретін «Бәйтерек» жылдам жолаушылар пойызы күн сайын қатынайтын болады, делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарламасында.
Бұл шешім мереке күндері жолаушылар ағынының көбеюіне байланысты қабылданды.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан веб-сайт немесе мобильді қосымша арқылы онлайн билеттер шығаруды, сондай-ақ қажет болған жағдайда пойызға билеттер сатып алу үшін «Күту тізімі» функциясын пайдалануды сұрайды.