Ресей премьері лауазымына үміткер пайда болды

Жарияланды 16 Қаңтар 2020 04:35

(жаңартылды 18 Шілде 2022 18:47)

Владимир Путин Федералдық салық қызметінің басшысы Михаил Мишустинмен жұмыс кездесуін өткізіп, оған үкіметке басшылық жасауды ұсынды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған РИА Новости.

«Келісімін алған ол (Путин. — Ред. ескерт.) Мишустиннің кандидатурасын Госдуманың қарауына енгізді», — деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Парламенттің төменгі палатасы бұл мәселені 16-қаңтардағы пленарлық отырыста қарастырады.

Естерңізге салсақ, сәрсенбі, 15-қаңтарда Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев ел президенті Владимир Путинмен кездесу барысында үкіметтің толық құрамда отставкаға кететіні туралы мәлімдеген болатын.

Путин үкімет мүшелеріне атқарған жүмыс үшін алғыс білдірді. Сөзінің соңында президент: «әрине, бәрі орындалған жоқ», – дегенді қосты.

Сондай-ақ оқыңыз