Гонконта коронавирусқа қарсы вакцинаны шығарудың мерзімі туралы айтып берді

Жарияланды
Емханадағы сынақтар табысты өткен жағдайда оның сәуірдің басында пайда болуы ықтимал

Гонконгтегі Wuxi Biologics компаниясы коронавирусқа қарсы антиденелерді зерттеулердің алдын ала жағымды нәтижелер бергенін мәлімдеді. Биотехнологтар командасы вакцинаның алғашқы партиясын сәуірдің басында өндіруге дайын, емханалық зерттеулердің аяқталуы 4-5 айдан кейін орын алмақ.

WuXi Biologics сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жаңа 2019-nCoV вирусын заласыздандыратын антиденелер дайындау және өндіру үшін компания үлкен ғылыми-зерттеу топты жұмылдырған.

Алғашқы партия емханада адамдарға токсикологиялық сынақтар жүргізуге екі айдан кейін дайын болмақ.

«Биологиялық препараттарды дайындауға және өндіруге 12 айдан 18 айға дейін кететін дәстүрлі мерзіммен салыстырғанда, коронавирусты залалсыздандыратын антиденелердің барлық зерттеулерін 4-5 айда бітіруге үміттенуге болады. Сөйтіп, біз аталмыш инфекциялық дертпен күресте тиімді және дер кезіндегі қамтамасыз ете аламыз», – деп мәлімдеді компания сайтында бас директор, WuXi Biologics докторы Крис Чен.

Барлық сынақтар аяқталған соң, биотехнологиялық компания өзінің төрт зауытында кең ауқымды өндірісті іске қоспақ.

Бұдан бұрын, РФ Денсаулық сақтау министрлігі басшысына сілтеме жасаған  Интерфакс хабарлағандай, Ресей ғалымдары, Қытай коронавирус штаммдарын берген жағдайда, 8-10 айда коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаруға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз