Қазақстанда реанимациялық бөлімге түскендер саны 75%-дан 54%-ға дейін төмендеді

Жарияланды
Алексей Цой: Бұл динамиканың тұрақталғанын көрсетеді

КВИ шалдыққан науқастарға арналған реанимациялық бөлімге түскендер саны 73 пайыздан 54 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Медициналық көмекке қолжетімділік жақсарды, провизорлық және инфекциялық стационарлардың жүгі айтарлықтай азайды. Осылайша, провизорлық орындарға түскендер саны 40 пайызға (89 пайыздан 49 пайызға дейін), реанимациялық төсектерді – 19 пайызға (73 пайыздан 54 пайызға дейін) төмендеді.

Бұған қарамастан, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір COVID-19 бен пневмониясы бар пациенттерді емдеу үшін қажетті стационарлық төсек-орын саны жеткілікті, жалпы төсек қоры 21,7 мыңға өсті: 30,4-тен 52,1 мың төсек-орынға дейін.

   «Бұл динамиканың тұрақталғанын көрсетеді. Дәрігерлер  бұрынғы жұмыс режиміне қайта оралады, шаралар жүйелі түрде жүзеге асырыла бастады», – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
 

Сондай-ақ оқыңыз