Коронавирус тіркелген елдерден келген азаматтар бақылауға алынады

Жарияланды
Олар 3 санатқа бөлінеді

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Нұрқан Сәдуақасов  қол қойған жарлыққа сәйкес, 20 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясының жаңа түрі тіркелген елдерден келгендер 3 санатқа бөлініп қарастырлады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 

1 санат: Қытай Халық Республикасынан келген азаматтар. 

«Барлық азаматтар 14 күнге карантинге орналастырылады. Одан кейін тағы 10 күн ішінде тұратын жері бойынша медициналық ұйымның қадағалауында болады. Жай-күйін, денсаулығын дәрігерлер телефон арқылы  бақылайды», – делінген хабарламада. 

2 санат: коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 10-нан асатын елдерден келген кісілер. 

Бұл тізімде Гонконг, Сингапур, Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайвань, Вьетнам, Австралия, Германия, АҚШ, Франция, Макао бар.  Аталмыш тізім өзгеруі мүмкін.

Осы елдерден келгендердің бәрі 14 күн үй карантинінде болады. Олардың денсаулық жағдайын емхананың медицина қызметкері кұнделікті үйіне барып қадағалап отырады. Содан кейін тағы да 10 күн медициналық бақылау тұрғылықты мекен-жайы бойынша жүргізіледі (күнделікті телефон шалады).

3 санат: Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 10-ға жетпейтін мемлекеттен келген азаматтар. 

Бұл – Ұлыбритания, БАӘ, Канада, Үндістан, Филиппин, Италия, Испания, Финляндия, Непал, Камбоджа, Шри-Ланка, Швеция, Бельгия, және  Египет. Бұл тізімге өзгеріс енуі мүмкін. 

Аталған елдерден келген адамдар ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн ішінде (күн сайын қоңырау шалу) тұрғылықты жері бойынша  емхананың медициналық бақылауында болады. 


 

Сондай-ақ оқыңыз