Жаңалықтар

Қазақстандық клубқа 640 мың теңге айыппұл салынды

«Қыран» клубының ойыншылары алаңға шығудан бас тартқан

Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін «Қыран» клубының футболшылары бірнеше айдан бері жалақы мен сыйақыларын ала алмай жүр.

Қаржылық қиындықтарға байланысты Шымкент командасы семейлік «Алтайға» қарсы 25-тур матчына бара алмай, нәтижесінде, «Қыран» 0:3 есебімен техникалық  жеңіліс тапты. 

Оған қоса, Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіптік комитеті «Қыран» футбол клубына жарыс регламентін бұзғаны үшін (ойынға келмегені үшін) 250 АЕК, яғни 640 250 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Өз футболшыларына жарты жылдан бері жалақы төлей алмай жүрген клубтың бұл ақшаны қайдан алатыны әзірге айтылмады.