Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты к өңіл айтты. Бұл турасында мемлекеттің экс-басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Алматыдан ұшқан Bek Air авиа компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарды үлкен қасыретпен қабылдадым. Осы қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туысқандары мен жақындарына көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығуды тілеймін», – делінген хабарламада.
Естеріңізге салсақ, Bek Air ясының ұшағы Алматы аэродромынан тыс жерде апатқа ұшыраған болатын.