Ресурстар

Бас прокуратура Бақауовтың ісіне қатысты пікір білдірді

Іс бақылауға алынған

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісі Бас прокуратураның бақылауына алынған, деп хабарлады ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

«Ол екі айға қамауға алынды. Іс бақылауға (бас прокуратураның) алынған», – деді ол 22-қаңтарда журналистерге.

Ахметжанов прокуратура Конституции және қолданыстағы заңнама аясында әрекет ететінін атап өтті.

Павлодар облысы экс-әкімінің ісі бойынша басқа ақпаратты тергеу органдары хабарлайды, деді сөзін нақтылай түскен бас прокурордың орынбасары.

15-қаңтарда әлеуметтік желілерде облыстық әкімдікте тінту жүргізіліп жатқаны және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандары үшін Болат Бақауов пен оның инвестициялар жөніндегі орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Келесі күні сағат 10-да әкімдікте облыс әкімі өткізеді, деп белгіленген туризм және спорт жөніндегі алқа мәжілісінің кейінге қалдырылғаны хабарланған-ды.