Қазақстанда коронавирусқа шалдықты деген күдікпен 54 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 16-да диагноз расталған жоқ, қалғандары емдеу мекемесінде жатыр. Бұл турасында брифингте денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтып берді, деп хабарлайды Интерфакс.
«Қазіргі таңда бізде коронавирус инфекциясына шалдықты деген секеммен вирус инфекциясын жұқтырған 54 адам емдеу мекемелері мен ауруханаларға жатқызылды. Оның ішіндегі 16 адамда диагноз расталған жоқ, жағдайының жақсаруына байланысты, олар сауығып, ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда станционарлық емдеу мекемелерінде 38 адам жатыр, оларға санитарлық бақылаудың барынша ерекше жағдайы жасалған. Диагностикалық шаралар жалғасын табуда», – деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа вирустық инфекцияның таралуы қазақстандық туризм саласына кесірін тигізіп үлгерді. Турфирмалар танымал бағыттарды, атап айтқанда, Хайнань аралын жауып, рейстерді тоқтатып жатыр. Қазақстан турмирмалары мен Қытай агенттіктерінің ай сайынғы шығындары $9 млн сомасында бағалануы мүмкін.
Естеріңізге салсақ, Қытайда коронавирустан 170 адам көз жұмды.