Атырау облысында карантин мерзімі ұзартылды Бұл туралы Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау бөлімінің ресми сайтында хабарланды.
Қаулыда шектеудің Атырау облысында COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында жасалып жатқандығы жазылған. Аймақта шектеу шаралары 28 қыркүйектен 2020 жылғы 12 қазанға ұзартылды.
Осы уақыт ішінде:
– кинотеатрлардың (ашық аспан астында жұмыс жасайтындарды қоспағанда) қызметіне тыйым салынды.
– ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық бөлмелердегі балалар ойын алаңдары және т.б.).
Ұйым кеңселерінде қызметкерлер 50%-дан аспауы керек. Алайда, қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге, оның ішінде сауда үйіндегі бөлек үй-жайларда орналасқан мекемелерге рұқсат етілді.
Сонымен қатар, ашық жерлерде 50-ден көп қонақ болмауы керек, бір отбасы мүшелерінен өзгелері кем дегенде 2 метр арақашықтықты сақтау керек. Бір орынға 4 адамнан көп отыра алмайды.
Бұған дейін Атырау облысында карантиндік шаралар 13нен -28 қвркүйекке дейін ұзартылған болатын.