Ресурстар

Коронавирус жұқтырған 92 адамның жағдайы нашар

21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Елімізде коронавирус жұқтырған 92 адамның жағдайы нашар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 300 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.