Франция Қазақстанға зілзалаға төзімді құрылыс саласында бірлескен жобалар ұсынды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Францияның зілзалаға төзімді құрылыс қауымдастығы (AFPS) Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ынтымақтастық туралы ұсыныспен ресми хат жолдады.
AFPS құрметті президенті Пьер Соллогуб (Pierre Sollogoub) Қазақстан Республикасының зілзалаға төзімді құрылыс қауымдастығының төрағасы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаровты зілзалаға төзімді құрылыс саласындағы бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.
Тараптар ынтымақтастық шеңберінде ғимараттар мен құрылыстардың зілзалаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, жаңа құрылыс технологияларын зерттеп, қолдана алады, жас мамандарды бірлесіп оқытуға және ортақ теориялық және тәжірибелік зерттеулер ұйымдастырады алады.
Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың шілдесінде Қазақстан Халықаралық зілзалаға төзімді құрылыс қауымдастығына (IAEE) кірді. Осыған байланысты Ералы Шоқбаровқа Қазақстан Республикасынан IAEE ұлттық делегаты атағы берілді.