Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кімде, қанша ақша барын жариялады

Жарияланды
10 870 610 адамның шоттары бар

10 870 610 адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шоттары бар, 5 615 939 – ерлер болса, 5 254 671 – әйел азаматшалар. Олардың жалпы жинағы 11 942 813 млн. теңге, оның ішінде 7 040 032 млн. теңге ер азаматтарға тиесілі, ал 4 902 781 млн. теңге – әйелдердің шотында. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Мына сомадағы зейнетақы жинақтарына:

500 мың теңгеге дейін – 5 906 632 адам;
501 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін – 1 590 837 адам;
1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін – 2 348 114 адам;
3 млн – 5 млн. теңгеге дейін – 634 188 адам;
5 млн – 8 млн теңгеге дейін – 238 931 адам;
8 млн теңгеден асатын сомаға – 151 908 адам ие.

Сонымен қатар, жинақталған қаражаттың орташа мөлшері:
– ерлер үшін – 1 254 мың теңге,
– әйелдер үшін – 933 мың теңге.

Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 млн теңге, ал әйелдерде 4,4 млн теңге.

Сондай-ақ оқыңыз