Қостанай облысында 20 қазаннан бастап карантин режимі күшейтіледі
Қостанай облысында карантин шаралары күшейтіледі. Бұл шектеулер 20 қазан сағат 00-ден бастап күшіне енеді, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Күнделікті шектеулер:
– қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін 23 сағатқа дейін қысқарту, залда 30 орыннан аспайтын орын орнату;
– ашық ауада аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру;
Демалыс күндеріндегі шектеулер:
– қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу;
– ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
– азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру;
– азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;
– фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
– қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;