1 қаңтардан бастап микроқаржылық қызметті лицензиялаудың жаңа қағидалары күшіне енеді
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын бекітті. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) азаматтарды қорғау және микрокредиттеу нарығындағы алаяқтық тәуекелдерін төмендету үшін микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізіледі.
Оларға жаңа талаптар қойылды:
бухгалтерлік есепті жүргізу үшін МҚҰ-да ақпараттық жүйенің болуы;
ломбардтардың үй-жайлардың қауіпсіздігі және техникалық нығайтылуы жүйесі туралы мәліметтер ұсынуы;
ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар;
басшы қызметкерлерде жоғары білімнің болуы;
оларда алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы