Алматының бас санитар дәрігері Жаңа жылда үйге қанша қонақ шақыруға болатынын айтты

Жарияланды
Бекшин: Вирус - күркеге кіргізіп қоятын тауық емес

Бекшин Жаңа жылда үйге қанша қонақ шақыруға болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, адам саны 10-нан асса, ол адамдардың жаппай жиналғанын білдіреді.

 «Егер Жаңа жыл отбасылық мереке болса, онда бір отбасы болып тұратындардың бәрі жинала алады: ата-әжелер, ата-аналар, балалар. Егер отбасында 15 адам болса, олар онсыз-ақ бір үйде жүреді. Сондықтан, егер бір отбасы бір үйде тұрса, онда олар бәрі бірге отырып Жаңа жылды тойлай алады», – деді ол.

 Жандарбек Бекшин коронавирус бойынша жағдайдың ушығып жатқанын ескере отырып, барлық карантин шарасын сақтауға шақырды.

 «Біз бүгінде «сары» аймақта тұрмыз. Барлық сақтық шарасын қоғамдық жерлерде ғана емес, отбасыңызда да сақтау керек. Біздің барлық талабымыз сақталған жағдайда ғана біз инфекцияға қарсы тұра аламыз», – деді бас санитар дәрігер.

 

Сондай-ақ оқыңыз