Елордада 1-4 қаңтар аралығында қоғамдық көліктер қатынайды

Жарияланды 1 Қаңтар 2021 10:15

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

1-4 қаңтар аралығында елордада қоғамдық көліктер қатынайды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

     «1, 2, 3, 4 қаңтарда қалада және қала маңына қатынайтын барлық бағдарлар (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 23:00-ге дейін жүреді. Алайда санитарлық нормаларды сақтауыңызды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ оқыңыз