Әнші Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясына қатысады

Жарияланды
Шара онлайн өтеді

Димаш Құдайбергеннің Америка Құрама Штаттарында 17 қаңтар күні басталатын жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады. 

Дәстүр бойынша бұл іс-шараны Бауырлас қалалар ассоциациясы – «Sister Cities International» ұйымы өткізеді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден бұл ұйымның құрметті тең төрағасы болды. Сонымен қатар бұл іс-шараға дипломатиялық корпуста қатысады.

Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз