«TengriBank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды. Ол 16 ақпанда ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алыған. Бұл ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі растады.
«Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге болайды» деген қаржы мониторингі агенттігі артық ақпарат айтпады. Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, олар прокурордың рұқсатымен ғана мүмкін деп танылған көлемде жария етілуі мүмкін.
Ержан Шайкенов 2015-2019 жылдар аралығында «Tengri Bank» АҚ басқарма төрағасы болған. Ал 2020 жылдың шілдесінен бері осы банктің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, «TengriBank» АҚ бұрынғы басшыларына банктің 5,4 млрд. теңге қаражатын жымқырды деген айып тағылған еді.
2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Tengri Bank» АҚ-ын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырған еді. Банкті лицензиясынан айыруға: пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар лимитін жүйелі түрде бұзу, қадағалап, ден қою шараларын жүйелі түрде орындамау, уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамауы себеп болған.
5 қараша күні Алматының мамандандырылған экономикалық соты «Tengri Bank» АҚ-ын тарату туралы шешім шығарды. 28 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) осы жөнінде сотқа шағым түсірген болатын.